“Қазақстан – Ұлы дала елі” цифрлы қосымшасы

ҚАЗАҚСТАН – ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ

ОТАНЫҢДЫ ӘЛЕМГЕ ЖАҚЫНДАТА БІЛ!

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Назарларыңызға «Қазақстан-Ұлы Дала Елі» қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографиктер мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады.

Қосымшаны AppStore, PlayMarket, Windows

және веб-нұсқа арқылы жүктеуге болады.

ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘЛЕМГЕ ПАШ ЕТЕЙІК!

Қосымшаға келесі сілтеме арқылы өте аласыз: http://bit.ly/28PArej

 

 

«Қазақстан – Ұлы дала елі»

сандық қосымшасы

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде сандық технология саласындағы жаңа бірегей өнім – «Қазақстан – Ұлы дала елі» сандық қосымшасын әзірледі.

Аталған жоба 87-ші қадамның шеңберінде әр азамат пен шетелдік туристке ел туралы толығырақ ақпарат алуға көмек беру басты мақсатымен «Қазақстан энциклопедиясы» көлемді интернет жобасын құру жөнінде Елбасының тікелей тапсырмасын орындау болып табылады.

Қосымша тақырыптардың ауқымды көлемін қамтитын сандық энциклопедия болып табылады және 10 бөлімнен тұрады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және ЭКСПО-2017.

Қосымша үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірленген.

       68 тараудан тұрады, әр тараудың жеке сурет галереясы (жалпы саны 370 фотосуреттен артық), 24 бейнеролик, 3D пішіміндегі 12 нысан, 20 көріністік фото сурет (360˚ көрсетілетін фото сурет), 12 интерактивті 3D графика, 4 интерактивті 3D картасы бар.

Қосымша түрлі құрылғыларға орнатылады (ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, стационарлы компьютерлер).

Электронды нұсқалары AppStore және PlayMarket-те орналастырылған, Сыртқы істер министрлігінің ресми веб-сайтында сайт түріндегі веб-нұсқасын ашу үшін арнайы бөлім бар. Сол сияқты Windows-нұсқасын Сыртқы істер министрлігінің веб-сайтынан көшіруге және flash-карталарға және CD-дисктерге жазуға, оларды түрлі іс-шаралар барысында таратуға болады.

Сондай-ақ, бұл нұсқа бұқаралық іс-шаралар кезінде проекторлардың экрандарында және плазмалық панельдерде презентация жасау үшін компьютерлерге орнатыла алады.

Келесі сілтемелер арқылы өтіп, қосымшамен толығырақ таныса аласыз!

ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘЛЕМГЕ ПАШ ЕТЕЙІК!

Сілтемелер:

  1. http://bit.ly/28PArej – ҚР ІІМ веб-сайтындағы қазақ тіліндегі нұсқаға сілтеме
  2. http://bit.ly/28PHIfG – ҚР ІІМ веб-сайтындағы орыс тіліндегі нұсқаға сілтеме
  3. http://bit.ly/28PkZza – ҚР ІІМ веб-сайтындағы ағылшын тіліндегі нұсқаға сілтеме
  4. https://itunes.apple.com/ru/app/kazakhstan-land-great-steppe/id1117366063?l=en&mt=8 –AppStore – ға сілтеме

 

  1. https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.siveco.kazakhstan –PlayMarket –ке сілтеме

 

  1. http://mfa.gov.kz/mobile/demos/index.php – онлайн web-нұсқасына сілтеме

 

  1. http://bit.ly/28PckQP – видеороликтерді жүктеп алуға сілтеме (барлық тілдегі және видеоформаттағы нұсқалар)

 

  1. https://www.youtube.com/watch?v=AEzdm6cEpLw – Youtube –тағы қазақ тіліндегі роликке сілтеме

 

  1. https://www.youtube.com/watch?v=HzajL2ZKXoQ – Youtube –тағы ағылшын тіліндегі роликке сілтеме

 

  1. https://www.youtube.com/watch?v=ovg5VBHut5w – Youtube –тағы орыс тіліндегі роликке сілтеме

 

  1. https://mail.google.com/mail/u/0/#inbox/15586a40458684d1?projector=1 – Corel Draw графикалық бағдарламасындағы А2 плакатының (барлық тілдегі нұсқалар) түпнұсқалық файлын жүктеп алуға сілтеме

 

  1. https://mail.google.com/mail/u/0/#inbox/15586a40458684d1?projector=1 – Corel Draw графикалық бағдарламасындағы А5 плакатының (барлық тілдегі нұсқалар) түпнұсқалық файлын жүктеп алуға сілтеме

 

  1. https://www.dropbox.com/s/u5rr2nhdrwri6lv/%D0%90%D1%83%D0%B4%D0%B8%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B8.zip?dl=0 – қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудиороликтерді жүктеп алуға сілтеме

Вход в систему