Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

  
    

 

 

 

 

1-Қазан "Қарттар күні" мерекесіне орай өткізілген іс-шара мәліметі

№ 3 "Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ қарттар күніне орай ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бықыбаев Ермек Бықыбайұлы  Орталықтың арнаулы әлеуметік қызметтер алушыларын қарттар күнімен құтықтады.

1-Қазан "Қарттар күні" мерекесіне орай өткізілген іс-шара мәліметі

29.09.2017. жылы № 1 "Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ қарттар күніне орай  «Қарттарым асыл қазынам» атты іс-шара өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс бөлімінін басшысы Утеулина Аида Асқарқызы қатысып, Орталықтың арнаулы әлеуметік қызметтер алушыларын қарттар күнімен құтықтады.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында (Тараз қаласы, Қарахан көшесі 1 үй, 4 қабат, 40 бөлме) 2017 жылдың 03 қазан күні сағат 17-00-де болатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысында  «Хим-Плюс», «Азиатский Газопровод»  ЖШС-нің құжаттары қаралатын болады.

«Ана тілім-ардағым» атты тіл мерекесі

Жамбыл облысы  әкімдігінің  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасының «№ 4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер  ұсыну Орталығы» КММ-де, 22-қыркүйек  Халықаралық тілдер күніне арналған «Ана тілім-ардағым» атты, Орталық қызметкерлері мен тәрбиеленушіле

2017 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 17-00-де болатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысы

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында (Тараз қаласы, Қарахан көшесі 1 үй, 4 қабат, 40 бөлме) 2017 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 17-00-де болатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның отырысында  «Нуово Пиньоне Интернэшнл С.р.л.» ҚР ЖШКФ құжаттары қаралатын болады.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкелері

2017 жылдың 1 қыркүйегіне облыс бойынша  27 бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізілді, оған 2733 адам қатысты. Осы жәрмеңкелерде   710 жұмыс берушіден 1517 бос жұмыс орындарына ұсыныс болды. Жәрмеңкенің нәтижесінде  590 адам тұрақты, ақылы қоғамдық  жұмыстарға 197 адам тартылды, 32 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 27 адам жастар практикасына, 58 адам уақытша маусымдық жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, кәсіптік оқытуға 23 адам жолданды.