12

Рұқсат беру әрекеттерін жүзеге асыру тәртібі

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін  ұсынылатын құжаттар

      1. Тартылатын шетелдік жұмыскерлерге олардың біліктілігін растайтын құжаттар:
      1) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелері немесе аудармалары (егер құжат қазақ немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);
      2) жұмыскер бұрын істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растау немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде).
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 тамызда № 14170 болып тіркелген) Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының (бұдан әрі – Қағидалар) 6-тармағына сәйкес кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат. Шетелдік жұмыс күшін басымды жобаларға тартқан кезде жұмыс беруші Қағидалардың 7-тармағына сәйкес басымды жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты ұсынады.
      3. Шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асырған жағдайда жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарттың нотариат куәландырған көшірмесі (шетелдік жұмыскер осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес тартылған жағдайда) және жоғарыда көрсетілген құжаттар қазақ немесе орыс тілінде толтырылмаса, нотариат куәландырған аудармасы.
      4. Шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін онда мұндай шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің тікелей немесе жанама қатысу акциясы немесе үлесі бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда, шетелдік жұмыскер мен одан шетелдік жұмыскерді уақытша ауыстыру жүзеге асырылатын шетелдік заңды тұлға-жұмыс берушінің арасында келісілген құжаттың (хат немесе ауыстыру туралы келісімнің) нотариат куәландырған көшірмесі (шетелдік жұмыскер осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес тартылған жағдайда) және осындай құжат қазақ немесе орыс тілінде толтырылмаса, нотариат куәландырған аудармасы.
      5. Шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
      6. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартқан жағдайда осы қосымшаның 1, 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

 

Жүйеге ену