12

Мемлекеттік қызметке бос орындар

2017 жылдың 16 қазаны күнінен бос орын

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы  қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, 1 бірлік (№ 4-1)

Функционалдық міндеттері: Бюджеттің орындалуы туралы бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру, енгізілген өзгерістерді есепке ала отырып, бюджет бойынша бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша ашық лимиттер мен олардың мақсатты қолданылуына сәйкес қаражатты дұрыс және тиімді жұмсау жұмыстарын үйлестіру; Құжаттардың дұрыс және уақытылы рәсімделуін, жасалатын операциялардың заңдылығын бақылауды жүзеге асыру; активтердің, материалдық және тез тозатын заттар мен басқа да құндылықтардың сақталатын және қолданылатын орнында сақталуын бақылауды іске асыру; есеп пен есептілік сұрақтары бойынша ережелерді, нұсқауларды, әдістемелік нұсқамаларды, бухгалтерлік қызмет құзырына жататын басқа нормативтік құжаттарды жүйелі түрде есепке алу. Азаматтардың өтініштерін қабылдау жұмыстарын қамтамасыз ету. «1С-Бухгалтерия» автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау.

Бюджет қаражатын мақсатты пайдалануды бақылауды ұйымдастыру, шипажайлық-курорттық жолдамаларды бөлу мен пайдалануды бақылау, мүгедектерді сауықтыру жолдамаларын құрылымдық бөлімшелерде есепке алу, сурдо-тифло техникалары бойынша есеп-айырысуды қадағалау қабылдау жұмыстары. Бөлім бойынша құжаттар мен азаматтардың өтініштерінің орындалуын бақылау.

Аппараттың және ведомстволық қарасты бөлімшелердің қаржыландыру, бухгалтерлік есеп бойынша келген құжаттарын зерттеу және талдау бойынша жұмыстарды үйлестіру.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.

Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

 «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек, Салық және  Бюджет Кодекстерін, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңды, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

 

D-О-4 санаты үшін:

жоғары білім;

2017 жылдың 22 қыркүйегі күнінен бос орын

 

       Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  халықты жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы  санаты - D-О-4, 1 бірлік, № 7-2-2.

Функционалдық міндеттері: уәкілетті органдардың    жұмысқа орналастыру, ақылы қоғамдық жұмыстар, кәсіптік оқыту бойынша  жұмыстарын үйлестіру, мәліметтерді жинау, жалпылау және талдау. Облыс көлемінде  жаңа жұмыс орындарын құру мониторингін жүргізу. 1-Т (жұмысқа орналастыру), «Ішінара жұмыссыздық туралы» 3-тн нысаны бойынша ай сайынғы, 2-Т   (еңбек рыногы) тоқсан сайынғы   бекітілген  формалар бойынша  статистикалық есептерді  уақытылы және сапалы  жасау  және жоғары органдарға ұсыну. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша базалық индикаторлар мен өңірлік даму бағдарламасының мақсаты индикаторларының орындалуы бойынша жұмыстарды үйлестіру және бақылау. Өңірлік еңбек рыногында сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос жұмыс орындары және жұмыс орындарын құру болжамы туралы мәліметтерді жинақтау. Жұмыспен қамту картасын қалыптастыру бойынша аудандық және Тараз қаласы жұмыспен қамту органдарының жұмыстарын үйлестіру және облыстық жұмыспен қамту қартасын қалыптастыру.  Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыруды үйлестіру,  өткізуге қатысу.  «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бойынша аудандық және Тараз қаласы жұмыспен қамту органдарының жұмыстарын үйлестіру, есептіліктердің дәйектілігін қадағалау. Азаматтар мен  ұйымдардың өтініштерін қарау,  консультативтік, іс тәжірибелік   жұмыс жүргізу. Бөлімнің құзырына кіретін мемлекеттік қызмет көрсету  стандарттары  бойынша уәкілетті органдардың  жұмысын, регламенттерді  дайындау.Аймақтық бөлімшелердің халықты жұмыспен қамтудың артуына ықпал ететін шараларды ұйымдастыру. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін шараларды жүзеге асыруды  үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі -әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында немесе құқық саласында немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: экономика немесе құқықтану немесе әлеуметтік  жұмыс.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңын,    функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

 

D-О-4 санаты үшін:

жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

 

Санаты

Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы

теңгеден

теңгеге дейін

D-O-4

83282

112 431

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

ішкі конкурс туралы хабарландыру

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы

Санаты

Лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген 

жылдарын есептегенде

 теңгеден

 теңгеден

1

D-3

123257

166564

2

D-O-3

109932

148242

Мемлекеттік қызметке бос орындар

1. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  ақпараттық-талдау бөлімінің бас маман лауазымы (негізгі қызметкер шыққанға, 2019 жылдың 30 маусымына дейін),  санаты - D-О-4, 1 бірлік лауазымы 2017 жылдың   04 қыркүйектен бос.

2. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының   әкімшілік бөлім  басшысының , санаты D-O-3, 1 бірлік лауазымы 2017 жылдың   04 қыркүйектен бос.

 

 

 

   

 

Прикрепленный файлРазмер
каз.docx40.08 кб

Жүйеге ену