12

Жұмыспен қамту бөлімінің есебі

Статистика органының мәліметі бойынша 2017 жылдың                          2  тоқсанында экономикалық белсенді халықтың саны 524,3 мың адамға жетті, бұл 2016 жылдың сәйкес мерзімімен (528,5 мың адам) салыстырғанда 4,2 мың адамға төмендеп отыр.  Жұмыспен қамтылғандар саны 498,9 мың адамды құрап, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен (502,5 мың адам) салыстырғанда 3,7 мың адамға азайған. Жұмыссыздар саны 25,5 мың адамды құрады.  Жұмыссыздық деңгейі 4,9% болды, 2016 жылдың сәйкес мерзімінде  4,9% құраған.

Жаңа жұмыс орындарын құру

          Аудандық және Тараз қаласы уәкілетті органдардың мәліметтері бойынша  2017 жылы 4850 жаңа тұрақты, 12942 уақытша маусымдық жұмыс орындарының құрылуы жоспарланып отыр. 2017 жылдың                    1 қыркүйегіне қалалық, аудандық жұмыспен қамту уәкілетті органдардың мәліметтеріне сәйкес 6274 тұрақты жаңа жұмыс орындары құрылса, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 1635, өндірісте – 179, құрылыста – 1038, көлік және қоймалау – 149, саудада – 1467, білім беру – 383, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 220, басқа да салаларда – 1203, сонымен қатар 1678 уақытша және маусымдық жұмыс орындары ашылды.

Жұмысқа орналасуға ықпал ету      

          Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуінің негізгі көрсеткіші жұмысқа орналастыру болып табылады. 2017 жылдың 1 қыркүйегіне жұмыспен қамту орталықтарына  жұмыс іздестіріп 25143 азамат өтініш жасады. Жұмыспен қамту органдардың ықпалымен 17126 немесе өтініш жасағандардың 68,1% жұмысқа орналасты.

 Ақылы қоғамдық жұмыстар

           2017 жылы   3212 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылады деп жоспарланып, жергілікті бюджеттерден 894,8 млн.теңге бөлінді. Есепті мерзімде ақылы қоғамдық жұмыстарға 3608 жұмыссыз тартылып,                 658,4 млн.теңге игерілді.

Қоғамдық жұмыстар келесі жұмыс түрлері бойынша жүргізілді: тұрғын үй коммуналды-шаруашылық органдарға қала, тұрғылықты жерлерде, кәсіпорындар территориясын жинауға көмектесу – 606 адам, аймақтарды экологиялық сауықтыру, көріктендіру және көгеріштендіру  жұмыстарына – 2565 адам және басқада түрлеріне – 437 адам.

 

Жүйеге ену