Әлеуметтік нормативтер және әлеуметтік көмек бөлімінің есебі

Ағымдағы жылдың  басынан облыста  1507  азаматқа 31,5 млн.теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі, 20,9  мың отбасындағы 66,9 мың балаға 1009,0 млн. теңгенің балалар жәрдемақысы, 6,5 мың отбасына  2018,0 млн.теңгенің тұрғын үй көмегі, өмірдің қиын жағдайында қалған 12081 азаматтарға  284,3 млн.теңгенің материалдық көмегі тағайындалды.  

Табысы кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың жалпы халық ішіндегі үлесі 0,2 пайызға дейін төмендеді.

         Ағымдағы жылдың басынан облыста 1822 отбасындағы 10245 адамға 225,7  млн.теңгенің шартты ақшалай көмегі тағайындалды.

Көмек тағайындаған отбасыларынан 1918 жұмыс жасындағы азаматтар әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тартылды, оның 747 адам тұрақты жұмыс орындарына, 596 ақылы қоғамдық жұмыстарға, 247 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 8 адам жастар практикасына, 287 адам қайта кәсіби даярлыққа және 33 адам нәтижелі жұмыспен қамту және жалпы кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша шараларға  қатыстырылды.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында шартты ақшалай көмек алушылардың жұмыспен қамту шараларына тартылғандары туралы мәлімет

 

Барлығы 1507 адам: оның ішінде
546 адам – (36,2%) тұрақты жұмыс орындарына тартылды;
479 адам – (31,8%)  қоғамдық жұмыстарға тартылды;
29 адам – (1,9%) нәтижелі  жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясындағы шараларға қатыстырылды;
221 – (14,7%)адам жастар практикасына және кәсіби оқуға;
 232 адам  - (15,4%) әлеуметтік жұмыс орындарына  жолдама  алды.

 

Жамбыл облысында әлжуас топтағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер туралы  2016 жылдың 1 желтоқсанына қалыптасқан жағдай бойынша ақпарат

 

       Ағымдағы жылдың 11 айында 2185  азаматқа 47,8 млн.теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі, 22,3  мың отбасындағы 70,9 мың балаға 1259,6 млн. теңгенің балалар жәрдемақысы, 17,7 мың отбасындағы  73,5,3 мың адамға 259,1 млн.теңгенің тұрғын үй көмегі, өмірдің қиын жағдайында қалған 12,9 мың азаматтарға  279,7 млн.теңгенің материалдық көмегі, 1344 мүгедек баланы үйде оқытуға  47,8 млн.теңгенің көмегі, ауылды жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуына 20,8 мың отбасына 127,2 млн.теңгенің әлеуметтік көмекке  қаржыландырылды.  

 Халықтың мұқтаж санаттарына әлеуметтік төлемдердмен қамту және жұмыспен қамтудағы әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлерінің тиімді қолданудың нәтижесінде табысы кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың жалпы халық ішіндегі үлесі 0,2 пайызға дейін төмендеді.

         Атаулы көмек алушылар ішіндегі жұмысқа жарамды азаматтардың үлесі 24,5% -ға  дейін төмендеді.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамы» ұлт жоспарының 84 қадамы әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландырды көздейді.

Жамбыл облысында 2014-2015 жылдар аралығында «Өрлеу»  пилоттық бағдарлама енгізіліп, бағдарлама аясында шартты ақшалай көмек 2014 жылдан бері тағайындалуда.

Ағымдағы жылдың 11 айында облыста 1445 отбасындағы 8005 адамға 192,1 млн.теңгенің шартты ақшалай көмегі тағайындалды.

Көмек тағайындаған отбасыларынан 1665 жұмыс жасындағы азаматтар әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тартылды, оның 278 адам тұрақты жұмыс орындарына, 421 ақылы қоғамдық жұмыстарға, 758 адам «Жұмыспен қамту» жол картасы аясындағы жұмыстарға, 12 адам жастар практикасымен  қайта даярлау оқуына, 196 адам әлеуметтік жұмыс орындарына  қатыстырылды.

«Өрлеу» бағдарламасы енгізілгелі облыста шартты ақшалай көмекпен 31470 адам қамтылып, оның 7176 жұмыспен қамту шараларына тартылды.