Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша тоқсан сайынғы мемлекеттік орган қызметінің есебі

 Оралман мәртебесін беру туралы есебі.

2017 жылдың 1 қыркүйегіне  облыс аумағына 415 отбасыдан құралған 635 оралман қоныс аударып, барлығына оралман  мәртебесі беріліп, оның ішінде тікелей жергілікті атқарушы орган арқылы - 208 адам, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының»  Жамбыл  облысы  бойынша филиалдары  арқылы -  427  адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2017 -жылдың 1 қыркүйегіне   Тараз қаласы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мәліметтеріне сәйкес жұмыспен қамту мәселесі жөнінде уәкілетті органдарға 64 оралман өтініш білдіріп, барлығы тіркеуге алынды. Олардың 13-і тұрақты және уақытша  жұмыс орындарына орналастырылып, 24 адам кәсіптік оқу курстарына жіберілді, 26-ақылы қоғамдық жұмыстарына  жіберіліп, 1 адам  түрлі себептермен есептен шығарылды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тарапынан Жамбыл облысына 2017 жылға жалпы барлық жұмыс берушілерге шетел азаматтарын жұмысқа тартуға 977 квота белгіленген. 2017 жылдың 1 қыркүйегіне Жамбыл облысы бойынша 32 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 289 шетел азаматы жұмыс атқаруда. Шетел жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерде жұмыс атқарып жатқан қазақстандықтардың саны 4799 адамды құрайды. Жыл басынан комиссия тарапынан белгіленген ерекше шарттар бойынша шетел жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерде 392 жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті халық жұмыспен қамтылды.

Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы және т.б. мамандықтар.

Прикрепленный файлРазмер
-3-кв2017.xlsx71.78 кб