Сөз сөйлеулер мен баяндамалар

Әлеуметтік – еңбек саласындағы енгізіліп жатқан жаңалықтарға халықты дайындау мақсатында ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Әлеуметтік экспресс» мобилдық топтардың қызметті аудан және облыс деңгейінді ұйымдастырылған.

2017 жылы аталған топтар 264 кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарымен  9,9 мыңнан астам адамды қамтыды.

Сонымен қатар 2 облыстық мобильдік топтар 18 елді мекенде қабылдауға қатысып, әлеуметтік салада болып жатқан өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Наурыз-сәуір, шілде-тамыз айларында басқарманың ұйымдастыруымен жаңа форматтағы атаулы көмектің тағайындау тәртібі және автоматтандырылған бағдарламаның жұмысы бойынша әр ауданда  Жұмыспен қамту орталықтарының және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің  қызметкерлерімен, ауыл әкімдерімен 2 қайтара семинар –кеңес өткізілді.

Қыркүйек айында ұқсас 3 күндік семинарлар министірлікте өткізіліп, оған облыстан жұмыспен қамту орталықтарының, уәкілетті органдардың және ауыл әкімдіктерінің 60 өкілдері қатысты.

2018 жылдың 1 қантарынан жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар жұмыспен қамту орталықтарда қабылданатынына байланысты орталықтарға 75 ассистент және 12 консультанттың штаттық бірліктері енгізілу жоспарланып отыр.

Орталықтарыдың ғимараттары халықты қабылдауға дайын, тиісті техникалық құралдарымен жабдықталған.

Прикрепленный файлРазмер
маслихат инв отд2016.pptx198.08 кб