Басшы туралы мәлімет

  1971-ші жылдың 6-ші тамызында Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы Киров атындағы колхозда дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 
  1989 жылы Семей қаласындағы Семей қаржы – экономикалық техникумын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
  1996 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару Академиясын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.
  Еңбек жолын 1989 жылдың шілде айында Меркі аудандық қаржы бөлімінде халық шаруашылығын қаржыландыру бойынша аға экономисті болып бастаған. 
  1991-2002 жылдары Меркі аудандық қаржы бөлімінде, болжау және экономикалық талдау бөлімінің аға маманы, бастығы, меңгерушісінің орынбасары – бюджет    инспекциясының бастығы лауазымдарын атқарған. 
  2002-2005 жылдары Тараз қаласы әкімиятының қаржы бөлімінің меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарған.
  2005-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімиятының қаржы департаментінің (басқарманың) директорының орынбасары лауазымын атқарған. Сондай-ақ, 2011-2013 жылдары       Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы болып қызмет еткен. 
  2013 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы     лауазымын атқарып келеді.

Байланыс телефоны: 8(7262) (қабылдау бөл.: 45-37-67) 45-71-97