12

Хабарландыру

Қосымша

 

«Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ «Әлеуметтік қорғау саланың ең үздік қызметкері» атты байқау өтетіндігін хабарлайды

 

           1. Байқауды өткізу мақсаты:

- халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ең үздік қызметкерлерді іріктеу;

- халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мамандықтардың мәртебесін көтермелеу;

- халықты әлеуметтік қорғау саласындағы озық жұмыс тәжірибесін тарату

          2. Байқау 7 номинация бойынша 2 турдан өткізіледі:

- «Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері» номинациясы;

- «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкері» номинациясы;

- «Үздік әлеуметтік қызметкер» номинациясы;

- «Үздік медициналық әлеуметтік мекеме» номинациясы;

- «Үздік әлеуметтік мемлекеттік емес ұйым» номинациясы;

- « Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері» номинациясы;

- « Әлеуметтік саладағы үздік менеджер-ұйымдастырушы» номинациясы.

           3. Бірінші тур (іріктеу) 05-15 қазан аралығында өткізіледі. Екінші тур (финал) 15-20 қазан аралығында өткізіледі. Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін 20-25 қазан аралығында екінші тур қорытындысы бойынша іріктелген номинантаттар арасында онлайн дауыс беру өткізіледі. 

            Байқаудың іріктеу турына қатысу үшін өтінімдер Басқарманың электрондық адреске (kense_taraz@mail.ru) немесе пошта арқылы (Тараз қаласы, Карахан көшесі, 1, 41 кабинет, индекс 080012) жолдауға болады.

         Құжаттар толық көлемде және ұсыну мерзімі сақталған жағдайда қарастырылады. Құжат тапсыру мерзімі 05-12 қазан күнін қоса алғанда.

          Методикалық ұсынымдар және байқауға қатысуға қажетті құжат топтамасы Басқарманың интернет-ресурсында орналасқан (www.sobeszhambyl.kz). Анықтама телефондары: 451681, 452124, 459713,455442

 

 

 

 

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

       Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мүгедек-балаларды тәрбиелеуші тұлғаларға психологиялық көмек және кеңестік қызмет көрсету мақсатында 2015 жылдың 1 маусымнан бастап Онлайн қолдау қызметі іске қосылып, жұмыс атқарып жатқанын хабарлайды.

      Бұл ретте, Онлайн-қолдау қызметі «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазынашыдық кәсіпорнының call-орталығының 1411 телефон нөмірі арқылы (республика аумағы бойынша тегін) тапсырыс қабылданып, «SKYPE» бағдарламасы арқылы Интернет-ресурс мүмкіндіктерін қолдана отырып жүзеге асырылатын хабарлайды.

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында, 2016 жылға «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» байқауының облыстық деңгейде іріктеу жұмыстары басталғандығын хабарлай отырып, байқауға қатысуға үміткерлердің құжаттарын қабылдау басталғанын хабарлаймыз..

Аталған байқауға:

 - жетім балаларға;

- мүгедектерге;

- аз қамтылған және көп балалы отбасыларына;

- жұмыссыз және жалғызбасты азаматтарға;

- қарт адамдар, ардагерлер және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға

қаржыландыру көздеріне қарамастан, әлеуметтік қолдауды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, мекемелер, ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Осы конкурсқа қатысу және туындаған сұрақтар бойынша толыққанды ақпаратты алу үшін тиісті құжаттарыңызбен тұрғылықты жерлеріңіздегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне қайырылуларыңыз қажет. Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына келесі тел. 45-21-24, 45-97-26 арқылы хабарласуыңызға болады.

 

 

 

Прикрепленный файлРазмер
03102016105026.рекомендция.doc286 кб
1(1).docx14.88 кб

Жүйеге ену