Оралман мәртебесін алу тәртібі

ОРАЛМАН МӘРТЕБЕСІН БЕРУ

    Оралман мәртебесін беру – «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңына (бұдаң әрі – заң) сәйкес жүзеге асырылады. Заңға сәйкес, оралман мәртебесі – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныстанған Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақтарға, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балаларына беріледі.

    Оралман мәртебесін алу үшін үміткер этникалық қазақ (бұдан әрі – өтініш білдіруші) немесе оның отбасының кәмелетке толған бір мүшесі жергілікті атқарушы органға – «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – басқарма)  келіп, жеке өзі оралман мәртебесін беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) тапсырады. Өтінішке келесідей құжаттарды тапсырады:

· өмірбаян (еркін нысанда);

· өтініш білдірушінің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттары, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері)

· өтініш білдіруші адамның ұлты қазақ екендігін айқындайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

   Өтініш тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей басқарма оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды және ресімдейді. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген және оралман болып танылған өтініш білдіруші адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне оралман куәлігі беріледі. Оралман куәлігі қатаң есептегі құжат болып табылады және оның мәртебесін растауға негіз болады.

 

Барлық туындайтын сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласу қажет:

8(7262) 455254

8(7262) 453767.

Басқарманың мекен жайы:

Тараз қаласы, Қарахан к-сі №1 (бұрынғы Радищев к-сі №1), 5 қабат, 58 кабинет.