12

Басқарманың құзыретіне жататын әлеуметтік саланың жай күйін және даму серпінін сипаттайтын есептер, баяндамалар мен ақпараттар

Ағымдағы жылдың  басынан облыста  1507  азаматқа 35,8 млн.теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі, 20,9  мың отбасындағы 67,2 мың балаға 1132,1 млн. теңгенің балалар жәрдемақысы, 6,6 мың отбасына  230,0 млн.теңгенің тұрғын үй көмегі, өмірдің қиын жағдайында қалған 12287 азаматтарға  297,8 млн.теңгенің материалдық көмегі тағайындалды.  

Табысы кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың жалпы халық ішіндегі үлесі 0,1 пайызға дейін төмендеді.

        Ағымдағы жылдың басынан облыста 2187 отбасындағы 12042 адамға 266,0  млн.теңгенің шартты ақшалай көмегі тағайындалды.

Көмек тағайындаған отбасыларынан 2295 жұмыс жасындағы азаматтар әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тартылды, оның 952 адам тұрақты жұмыс орындарына, 607 ақылы қоғамдық жұмыстарға, 257 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 10 адам жастар практикасына, 436 адам қайта кәсіби даярлыққа және 33 адам нәтижелі жұмыспен қамту және жалпы кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша шараларға  қатыстырылды.

Жүйеге ену