12

Азаматтарға

Әлеуметтік көмек жүйесін жахандандыру  туралы

 

Жамбыл облысында 2014-2015 жылдар аралығында «Өрлеу»  пилоттық бағдарлама енгізіліп, бағдарлама аясында шартты ақшалай көмек 2014 жылдан бері тағайындалуда.

Бағдарламаның негізінде Әлеуметтік көмек жүйесіне жаңғырту жұргізу жоспарланып отыр, кедейлік шегі 2018 жылдан бастап 40% -дан 50%-ға дейін көтеріледі, 2016 жылы республика бойынша пилоттық режимде, 2018 жылдан бастап заңды түрде  көп балалы және аз қамтылған отбасыларына берілетін әлеуметтік төлемдердің орынына  жаңа форматтағы атаулы көмек тағайындау жоспарланып  отыр.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бүгінгі күні 4 баласы 18 жасқа толмаған отбасыларына берілетін арнаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларына жергілікті бюджет есебінен берілетін жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмектің орынын берілетін төлем болады.

Атаулы көмек   шартты атаулы әлеуметтік көмек және шартсыз тағайындалатын көмек ретінде беріледі.

Шартты атаулы көмек аз қамтылған отбасындағы еңбек жасындағы азаматтардың міндетті түрде мемлекеттің жұмыспен қамту шараларына қатысқан жағдайда, ал  шартсыз ақшалай көмек отбасында жұмысқа жарамды азаматтары жоқ отбасыларына тағайындалады.

Жүйеге ену