12

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

 

   "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шараларының

 орындалуы туралы

 

 

         Жамбыл облысы прокуратурасының ұсынысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылдың 26 наурызында № 35-9 шешімімен бекітілген Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша төмендегіні хабарлаймыз.

            Аталған іс-шаралар жоспарының-

         1-тармағына:   Есепті мерзімде басқарма бойынша және басқармаға қарасты мекеме қызметкерлері арасында орын алған сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар, жемқорлық көріністері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын бұзып, тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер жоқ. Құқық бұзушылықты болдырмауда түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

         2-тармағына: Басқармада тауар жеткізу, жұмыс және қызмет көрсетудің уақыт аралығы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының талаптарына сәйкес белгіленеді және бюджетті әзірлеу мен бекіту Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің талаптарының негізінде жүргізіледі.

        3-тармағына: Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабының талаптарына сәйкес, әлеуетті өнім берушіні және ол тартатын қосалқы мердігерлерді ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және конкурстық не аукциондық құжаттаманың талаптарына сай емес деп негізсіз тану үшін конкурстық (аукциондық) комиссияға айыппұлдар салу әкімшілік жауаптылық қарастырылған. 

         2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес, барлық мемлекеттік сатып алулар электрондық форматта Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы өткізіледі, осылайша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының  қағидаттарының бірі «жариялылық пен ашықтық» сақталады.

         Мемлекеттік сатып алу жеңімпаздарымен мемлекеттік сатып алу келісім шарттары электрондық форматта жүргізіледі.

          Басқарма және құрылымдық мекемелердің жауапты қызметкерлері арасында, мемлекеттік сатып алу заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,  семинарларда оқытылды.

          4-тармағына: Басқарманың талап арызы негізінде Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 5 қаңтар 2016 жылғы шешімімен жеке кәсіпкер А.Т. Искулов,  25 ақпан 2016 жылғы шешімімен «Eveline PRO» ЖШС мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасасқан шарттар бойынша міндеттемелерін орындамағандықтан,  жоғарыдағы аталған 2 жауапкерлер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп танылды.

          5-тармағына: Аудандар мен Тараз қаласы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асырылу барысында тұрақты мониторинг жүргізіліп, айлық, тоқсандық есептер ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жолдануда.

          Бағдарламаның орындалу барысы басқарманың алқа мәжілісінде және облыс әкімдігінің аппараттық кеңесінде қаралып, тиісті тапсырмалар берілді. Бағдарламаны облыс көлемінде тұрғындар арасында кеңінен насихаттау жұмыстары жалғасуда.

         Аудандық/ қалалық жұмыспен қамту орталықтарымен 27 дөңгелек үстелдер, 46 жәрмеңке өткізілді, сонымен қатар, баспасөз беттерінде 180 мақала жарияланып, телеарналар арқылы Бағдарламаға қатысушылардың жетістіктері бойынша 57 түсірілім көрсетілді.

         «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының және «Өрлеу» жобасының оң имиджін қалыптастыру, оларға азаматтарды қатыстыру бойынша облыстың барлық аудандарында мобилді топтар құрылып, олар елді мекендерде кездесулер өткізді, оған көптеген ауыл тұрғындары қатысты. 

        9-тармағына: Басқарманың «Шетелдік қызыметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 2016 жылдың 1 желтоқсанына 53 өтініш қаралып, 265 шетел мамандары облыс аумағына тартылды.

        «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 972 отбасыдан құралған 1848 оралман қоныс аударып, барлығына оралман мәртебесі берілді. Оның ішінде тікелей жергілікті атқарушы орган арқылы-1524 адам, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен- 325 адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

        Көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қызмет алушылардан арыз-шағымдар түспегенін хабарлаймыз.

       Жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етуде 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 1-тармағына сәйкес «Facebook» әлеуметтік желісінде басқарманың жеке парақшасы (аккаунт) ашылып және онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттар орналастырылған және олар ай сайын өзектендіріліп тұрады.

         Сонымен қатар, іс-шаралар жоспарына сәйкес шетел жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге насихаттау жұмысы бойынша  28.06.2016 жылы семинар-кеңес өткізілді.

         15.09.2016 жылы Басқарманың ғимаратында «Оралман мәртебесін беру» бойынша этникалық қазақтармен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған кездесу ұйымдастырылды.

        29.09.2016 жылы «Діни экстремизмнің пайда болу себептері және онымен күресу жолдары»  атты түсіндіру тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Қортындысы бойынша БАҚ беттерінде мақалалар жарияланды («Ақ жол» газеті 27.09.2016ж., № 112, «Знамия труда» 27.09.2016ж., № 109).

        Бүгінгі күнге «Оралман мәртебесін беру» тәртібі бойынша ақпараттар Басқарманың (http://sobeszhambvl.kz) және Жамбыл облысы әкімдігінің   (http://zhambvl.gov.kz) ресми сайттарында орналастырылған.   

          Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген.

         Осыған байланысты, мекеменің сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» арнайы айдары ашылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттар орнастырылған және олар жаңартылып отырылады.

         Сонымен қатар,  мекеме  ғимаратында арнайы арыз-шағымдар жәшігі, азаматтарды қабылдау кестесі, сенім телефоны туралы ақпараттық стенд орналастырылған.

        Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, заң бұзушылық фактілеріне жол бермеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг әр тоқсан сайын жүргізіліп,  есебі тиісті мекемелерге жіберіліп отырады.     

 

 

          Аталған іс-шараның 7, 10, 19-тармақтарына сәйкес басқарма және құрылымдық мекемелердің, мемлекеттік сатып алу заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты жауапты қызметкерлері (барлығы 12 адам) семинарларда оқытылды. Көші-қон мәселесімен айналысатын басқарманың жауапты қызметкерлері Қызылорда және Астана қаласында көші-қон сұрақтары бойынша өткен семинарларға қатыстырылды.
     «Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» және «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қызмет алушылардан арыз- шағымдар түспегенін хабарлаймыз.
      2016 жылдың 1 тоқсанында өтініштерді қарау тәртібі мәселесіне қатысты өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағандары үшін, басқарма басшысының орынбасары С.Арубаевқа басқарманың 17.03.2016 жылғы №19-і бұйрығымен, әкімшілік бөлімінің бас маманы Т.Кабираеваға 29.03.2016 жылғы №22-і бұйрығымен ескерту жазалары берілді.
       Қазіргі уақытта басқарма бойынша және басқармаға қарасты мекеме қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын бұзып, тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер жоқ.

 

 

  

         Жамбыл облысының әкімімен бекітілген Жамбыл облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске  асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарындағы облыстық басқармаларға жүктелген      4,7,10,19,20,21,22,23,39-тармақтарында қаралған тапсырмалары назарға алынып, белгіленген мерзімдерге сәйкес орындалуы қамтамасыз етіледі.
 Аталған іс-шараның 39-тармағына сәйкес 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес, барлық мемлекеттік сатып алулар электрондық    форматта Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы өткізіледі, осылайша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Р   е с п уб ликасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 4 бабы 3 тармағына сәйкес Заң қағидаттарының бірі «жариялылық пен ашықтық» сақталады. 
 Мемлекеттік сатып алу жеңімпаздарымен мемлекеттік сатып алу келісім шарттары электрондық форматта жүргізіледі.
 2016 жылдың 1 маусымдағы жағдайы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен және басқармаға қарасты құрылымдық мекемелерімен 935 сатып алулар өткізілді, оның ішінде 16 ашық конкурс, 817 бір көзден сатып алу және 102 баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен.
 Аталған іс-шараның 4-тармағына сәйкес басқарманың талап арызы негізінде Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 5 қаңтар 2016 жылғы шешімімен жеке кәсіпкер
 А.Т. Искулов, 25 ақпан 2016 жылғы шешімімен «Eveline PRO» ЖШС мемлекеттік сатып алу туралы өзімен жасасқан шарт бойынша міндеттемелерін орындамағандықтан жоғарыдағы аталған жауапкерлер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп танылды.

 

 

 

 «БЕКІТЕМІН»

Жамбыл облысының әкімі

 

______________ К.Көкрекбаев

«___» _________ 2015 ж.

Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған

іс-шаралар жоспары

 

Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

 

1

2

3

4

5

 

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

 

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

 

1

Жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Интернет-ресурстарда тараулар

2015 – 2017 жылдардағы

4-тоқсан

облыстық басқарманың интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы тарау ашылып, тиісті ақпараттар енгізіліп тұрады, басқарма бойынша бекітілген іс-шара жоспарының мәтіні орналастырылған.

 

4.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберіндегі міндеттерді мерзімінде орындамау деректері орын алған жағдайлар туралы, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы, мемлекеттік сатып алу туралы күшіне енген келісім шарттарды заңсыз деп тану туралы, тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу туралы сот органдарына жүгінулер бойынша қабылданған шараларға мониторинг жүргізу

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратына ақпарат

Жарты жылда 1 рет

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан сот органдарына жыл басынан 6 жүгінулер беріліп, заңды күшіне енген соттар шешімдерінің негізінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі 6 әлеуетті өнім берушіні енгізді.

 

7.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары көп жасалатын салаларды, мақсатты топтарды  анықтап, мемлекеттік қызметшілерді қолданыстағы заңнама талаптарын оқытуды жүзеге асыру

 

Оқу-бағдарламасы

Тұрақты

Басқарма  мен құрылымдық мекемелердің бас есепшілерімен Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына енгізілген өзгерістерді бухгалтерлік есептілікте қолдану туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылдың тамыз айында мемлекеттік сатып алу ережелеріне енгізілген өзгертулерге байланысты, а.ж. 30-31 қазан аралығында басқарманың және басқармаға қарасты құрылымдық мекемелердің мемлекеттік сатып алуға жауапты қызметкерлері  (16 адам)  Тараз қаласында ұйымдастырылған оқыту семинарына қатысты.

 

10

Сыбайлас жемқорлық сипатта құқық бұзғаны үшін және жемқорлық көріністерінің барлық фактілеріне жариялылықты қамтамасыз ету

 

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Тұрақты

Басқарма бойынша есепті мерзімде орын алған сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар және жемқорлық көріністері мен сыбайлас жемқорлыққа тартылған қызметкерлер жоқ.

 

19

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды және рейтингтер беруді жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдармен тұрақты негізде өзара іс-қимылды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету

 

Халықаралық ұйымдарға тиісті ақпарат беру

тұрақты

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру 2015 жылғы 23 қазан күні «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі тарапынан басқарма қызметкерлеріне және басқармаға қарасты құрылымдық мекеме қызметкерлеріне, үкіметтік емес ұйымдарының басшыларына,  сонымен қатар БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігі мәселесі» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізілді.

 

 

20

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалауды жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдастықтың, БАҚ өкілдері қатарынан арнайы мониторингтеу тобын құру

Бұйрық

2015 – 2017 жылдардағы

4-тоқсан

Басқарма тарапынан мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдастықтың, БАҚ өкілдері қатарынан арнайы мониторингтеу тобын құру қарастырылуда

 

21

Арнайы мониторингтеу тобының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалау жүргізуін қамтамасыз ету

Талдау жүргізу

жыл қорытын-дысы бойынша жыл сайын, 5 ақпаннан кешіктір-мей

Мерзімі келген жоқ

 

24

Іс-шараларды жоспарлау мен іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджетті қалыптастыруға қатысушыларды жауапкершілікке тартудың және жауапкершіліктің аражігін ажыратудың тиімді тетігін құру мәселесін пысықтау

 

Қаржыминіне

ақпарат

 

2015 жылғы
2-тоқсан

 

Облыстық басқарманың 2011 жылғы 17 қазандағы №136-ө бұйрығымен мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары мен бөлімдердің ережелері бекітіліп, онда бюджетті қалыптастыру және жоспарлау бойынша жауапкершіліктер тиісті қызметкерлерге жүктелген.

 

 

39

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар бөлінісінде түсетін өтініштерге талдау жүргізу мүмкіндігімен мемлекеттік сатып алу процесіне қатысушылардың шағымдарын қабылдау процесін автоматтандыру және оларды қарау қорытындыларын Қаржыминінің интернет-ресурсында жариялау үшін «электрондық үкімет» және «электрондық мемлекеттік сатып алу» порталдарымен ықпалдастыру бөлігінде ЭҚАБЖ-ны пысықтау

ЭҚАБЖ ақпараттық жүйесін «электрондық үкімет» және «электрондық мемлекеттік сатып алу» порталдарымен ықпалдастыру

2016 жылғы
2-тоқсан

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 11 бабы 4 тармағының 3) және 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы  «Мемлекеттік сатып алу саласында бірыңғай республикалық тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» № 237 бұйрығына сәйкес а.ж. 10 қарашасына  дейін  Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы  заңды күшіне енген соттар шешімдерінің негізінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі 6 әлеуетті өнім берушіні енгізді.

 

 

                 

 

 

 

Жүйеге ену