«Елін сүйген, Елі сүйген - Елбасы» атты мерекелік іс-шара өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  «№ 4  Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ-де, Менің тұңғыш Президентім күніне орай, 30-қараша күні «Елін сүйген, Елі сүйген - Елбасы» атты, Орталық қызметкерлері мен тәрбиеленушілердің  қатысуымен мерекелік ертеңгілік өткізілді. Ертеңгіліктің мақсаты: Балаларды Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевпен толықтай таныстыру, Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін түсіндіру, Елін сүйген, Елі сүйген - Елбасы екенін көрсету. Ертеңгілік концертте тәрбиеленушілер, Орталық қызметкерлермен  патриоттық тақырыпта хор айтып, ән салып, би биледі. Елбасымыздың жарқылдаған келбетін, өмір жолын, жеткен жетістіктерін бейнелеген слайд көрсетілді. Мерекелік концертте балалардың көңілдері көтеріліп, өздеріне керемет әсер алғандарын жеткізді.