ҚР Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген іс-шара

«Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  2017 жылдың қараша айының 28-і күні сағат 14-00-де Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген «Тәуелсіздіктің нұры – Тұңғыш Елбасы» атты іс-шара болып өтті.

Мерекелік іс-шарада М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің 1-курс білімгерлері өнер көрсетіп оңалушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар орталығымыздың музыка жетекшісі  Айтаков Ерғали «Ауылға барып қайтайық» әнін орындаса, социолог маманы Исаева Ақмоншақ «Шіркін-ай», «Үш меркі», «Жасасын өмір»  әндерін орындады. Іс-шараға жалпы саны 50 қызмет алушы және 20 қызметкер қатысып тамашалады.