Дүниежүзілік мүгедектер күніне орай өткізілген іс-шара

«Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  2017 жылдың қараша айының 29-і күні сағат 14-00-де 3 желтоқсан Дүниежүзілік мүгедектер күніне орай өткізілген «Қайырымдылық жылы жүректен» атты іс-шара болып өтті. Іс-шараға жалпы саны 52 қызмет алушы және 25 қызметкер қатысып тамашалады. Мерекелік іс-шарада «Ән-Нұр» тобы және әнші Базарбаев Дидар, Базарбаев Мейіржан өнер көрсетіп оңалушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар орталығымыздың музыка жетекшісі  Айтаков Ерғали «Анаға арнау» әнін орындаса, орталығымыздың тұрақты емалушылары 2 топ мүгедегі Кулбаев Марат пен 1 топ мүгедегі Ортаева Гүлзат «Сыңарым», «Бақыт құшағында», «Мазалама» әндерін орындады. Іс-шараға жалпы саны 52 қызмет алушы және 25 қызметкер қатысып тамашалады.