«Арайлы алтын күз» мерекесі өтті

Жамбыл  облысы  әкімдігінің  жұмыспен  қамтуды  үйлестіру  және  әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасының  «№ 4  Арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  ұсыну  Орталығы»  КММ-де, ағымдағы  жылдың  08 қарашасында  күз  мерекесіне  орай  «Арайлы  алтын  күз» атты,  мерекелік ертеңгілік  өткізілді.  Байқауға Орталық қызметкерлерінен 5 сайыскер командасы қатысты. Педагогика, медицина, күтуші қызметкерлері, шаруашылық бөлімі мен бірге Орталық тәрбиеленушілері қатысты. Сайыс 5 бөлімнен турды: таныстыру, өнер көрсету, күзгі экибана және табиғи материалдардан жасалған бұйым әзірлеу, күзгі киімнің үлгісін көрсету, күзгі жеміс жидектерден ас дайындау. Сайысқа қатысушылар өте жақсы дайындалған. Ал мүгедек арбада орындалған Иса Жұмәділ мен Мукажадинова Асемнің «Күзгі вальс» атты биі барлық көрермендердің көңілдерін толқытты. Сайыс өте қызықты, тартысты және көңілді өтті. Мерекенің соңында әр сайыскер құрмет грамотасымен  және бағалы сыйлықтармен марапатталды.