Pухани жаңғыру

 

 

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасы аясында өткізілген іс-шаралар

2017 жылдың 28 шілдесінде  Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  ұйымдастыруымен, мүмкіндігі шектеулі балалармен «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасы аясында «Бірге жеңеміз» стафеталық сайысы, Тараз қаласы  Б. Хмельницкий көшесінде  орналасқан  № 4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында өтті.  Эстафетаға жалпы жастары 7-18 аралығынғы Аса ауданының, Тараз қаласындағы мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу Орталықтарының және № 4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының 15 мүгедек бала қатысты. Эстафетаны  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары  Орынбеков Бекболат  Серікбекұлы ашып берді.  Сайыста   «Ертөстік», «Алтын сақа»,  «Толағай» командалары: «Бұлақтың көзін аш», «Гүлдерді баптау», «Алтын жебе», «Теңге ілу» және «Үңгір тастан өту» эстафеталарында жарысты. Сайыстың  мазмұны мен тапсырмалары  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар- рухани жаңғыру» бағдарламасымен, оның ішінде  еліміз бен жерімізді, тарихи  мол мұраларымызды сақтап қана қоймай, келешек ұрпақ кәдесіне ұсыну мақсатымен тікелей байланысып, сабақтасып отыр.       Сайыста «Ер төстік» тобы жеңіске жетті. Жарыс соңында жеңімпаздарды дипломдармен, қола, күміс, алтын алқалармен  мараппаттады, сондай-ақ,  барлық топқа жеңімпаз ретінде кубоктар тапсырылды. Мерекенің соңында  қатысушылар аспан аясына 300 шар ұшырды және балаларға тәттілер үлестірілді.   Іс-шараға  жалпы 200 адам: мемлекеттік мекемелердің өкілдері, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қатысты мекемелердің қызмет алушылары мен ойынға қатысушылары және қызметкерлері, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері және демеушілер,   ата-аналар қатысты.

Облыста Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамы» ұлт жоспарының 84 қадамындағы айтылған  әлеуметтік көмек жүйесіндегі оңтайландыруға қатысты енгізіліп жатқан жаңалықтарға халықты дайындау мақсатында ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Әлеуметтік экспресс» мобилдық топтардың қызметті аудан және облыс деңгейінде  ұйымдастырылған.

Аталған топтардың құрамына әлеуметтік, денсаулық сақтау, білім беру, Мемлекет  корпорация және тағы басқа салалардың қызметкерлері кірген.

 2017 жылдың басынан аталған топтар халықпен 264 кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарымен  9,9 мыңнан астам адамды қамтыды, 79 кәсіп орындарында 934 адам кездесулерге қатысты.

 Ағымдағы жылдың наурыз - мамыр айларында  24 мыңнан астап көп балалы отбасыларына  және 1960 жылы туылған әйелдерге  жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар 2 облыстық мобильдік топтар 18 елді мекенде қабылдауға қатысып, әлеуметтік салада болып жатқан өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Наурыз-сәуір айлары басқарманың ұйымдастыруымен жаңа форматтағы атаулы көмектің тағайындау тәртібі және автоматтандырылған бағдарламаның жұмысы бойынша әр ауданда  Жұмыспен қамту орталықтарының және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің  қызметкерлерімен семинар –кеңес өткізілді.

Ұқсас семинарларлар шілде –тамыз айларында ауыл әкімдерімен, учаскелік комиссиялардың мүшелерімен, жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлерімен  өткізілді.

Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен 28-29 тамызда «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясының АҚ Жамбыл облыстық филиалының жол бөлімшесінде және «Казфосфат» ЖШС «Миниралды тынайтқыштар зауыты» филиалында « Ашық есік күніне» басқарманың қызметкерлері қатысып, қабылдау жүргізді.

 

«Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы

 

2017 жылдың 9 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және мекеме қызметкерлері, Мүгедектер күні аясында, Орталықтың балаларына «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Мерекелік іс-шара балаларды  Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Бықыбаев Ермек Бықыбайұлы және Орталық қызметкерлері құттықтады. Арнайы шақыртылған сайқымазақтармен сиқыршылар балалардың көңілін өз өнерімен көтерді. Мерекенің соныңда әр-балаға сыйлық таратылып, мерекелік торт сыйға тарту етілді.

Жамбыл облысындағы «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАНЫҢ АЯСЫНДА ЭСТАФЕТАЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

  Жамбыл облысындағы «Болашаққа көзқарас» БАҒДАРЛАМАНЫҢ АЯСЫНДА ӨТЕТІН  ЭСТАФЕТАЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ.

28.07.2017 ж. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы  «Рухани жанғыру» бағдарламасының  аясында  ұйымдастырып отырған, Мүмкіндігі шектеулі  балалармен «Бірге жеңеміз» эстафеталық  сайысы № 4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында өтті.  Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары  Орынбеков Бекболат  Серікбекұлы Бірге жеңеміз» эстафетасын ашып берді.  Эстафетаға жалпы  Оңалту орталықтарынан және  №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығынан  жастары 6-18 аралығындағы  мүгедек балалар қатысты.  Мерекенің әр кезеңі  қызмет алушылардың  ән-билерімен  жалғасып отырды. Үлкен қуыршақтар  жарыс барысында балалармен  бірге болып,  көңіл-күйлерін көтеріп жүрді. №1  Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықталықтарының қызмет алушылары  Аманбеков  Талғат және Абдуллаев Қайраттың орындауында  «Қазақтай ел қайда?!», «Алға қазақстан» және   №4 орталығынан Волоскова Кристина мен Бурбеков Ахаттың орындауында  « Қазақстаным жайлы мекенім »  және «Жаса қазақстан» әндері орнындалды. Сайыста   «Ертөстік», «Алтын сақа»,  «Толағай» деген аттарымен  үш топ  ойнайды.  Сайыстың  мазмұны мен тапсырмалары  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Туған жер», «Жомарт жүрек» бағдарламасымен,  тәрбиелік  мәні бар тұрмыстық және қазақ халқының өмірін,  келешек ұрпақ кәдесіне ұсыну мақсатымен тікелей байланысып, сабақтасып отырды. Балалар жарыста жылдамдықтарын  және ептіліктерін көрсетіп жарысты. Сайыста  «Ертөстік» тобы жеңіске жетті. Жарыс соңында әр топты   алқалармен   және кубоктармен мараппаттады, ал,  демеушілер балаларға    сыйлықтар сыйлады (самокат пен ойыншықтар ).