БИЛІК

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Мен, БАУБЕКОВ ЖОРАБЕК НҰРМЕРГЕНҰЛЫ, 2013 жылдың 28 қазан айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымын атқарамын.
Айлық жалақым – 246 515 теңге. 
2016  жылдың 30 қарашасына  зейнетақы аударымдарында – 3 574 688 теңге жинақталған. 
Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 186/7 мекен-жайы бойынша 3 бөлмелі пәтерім бар. 
Жер телімім және автокөлігім-жоқ.
Өзім жұмыс күндері қызметтік автокөлікпен жүремін (Автокөлік маркасы «Skoda Super B6» мемлекеттік нөмірі  017VV08).

Мен, СЕЙТБЕКОВ СЕЙДАХМЕТ СЕЙТКЕРІМҰЛЫ, 2005 жылдың 15 ақпан айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында басшы орынбасарының лауазымын атқарамын. 
Айлық жалақым - 220 697 теңге. 
2016 жылдың 30 қарашасына зейнетақы аударымдарында - 3 929 610 теңге жинақталған.
Астана қаласында 3 бөлмелі пәтерім бар.
Өзім жұмыс күндері қызметтік автокөлікпен жүремін (маркасы Skoda Octavia, мем. нөмірі H 217 AV). 

Мен, БЫҚЫБАЕВ ЕРМЕК БЫҚЫБАЙҰЛЫ, 2012 жылдың 9 қазан айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында басшы орынбасарының лауазымын атқарамын. 
Айлық жалақым – 220 697 теңге. 
2016 жылдың 30 қарашасына зейнетақы аударымдарында – 487 027 теңге жинақталған.
Жер телімім, жеке үйім және автокөлігім жоқ.
Өзім жұмыс күндері қызметтік автокөлікпен жүремін (маркасы Kia Cerato мем. нөмірі Н 145 VV)

Мен, АРУБАЕВ САКЕН ҚАЛАНҰЛЫ, 2012 жылдың 28 маусым айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында басшы орынбасарының лауазымын атқарамын. 
Айлық жалақым – 217 366 теңге. 
2016 жылдың 30 қарашасына зейнетақы аударымдарында – 2 851 342 теңге жинақталған.
Тараз қаласы, 12/7/14 мекен-жайы бойынша пәтерім бар.
Жер телімім және автокөлігім жоқ.
Өзім жұмыс күндері қызметтік автокөлікпен жүремін (маркасы Skoda Super B6 мем. нөмірі 809AF 08)